Астана тәуелсіз Қазақ елінің символына айналды. Елордамыздың 20 жылдық мерейтойы – әрбір қазақстандық үшін айырықша құнды жалпыхалықтық мереке. Астана рухани жаңғырудың, ауызбіршілік пен ұлттық ұйысудың діңгегіне, жасампаз істер мен ұлы жеңістердің айғағына, сонымен қатар халықаралық саяси-мәдени әрі экономикалық пікіралмасулар алаңына айналды.