С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-да Жаңа жыл мерекесі болып өтті. Оқытушылар мен қызметкерлерді С. Аманжолов атындағы ШҚМУ ректоры, профессор М.Ә. Төлеген құттықтап, осы жылы еңбекте ерекше табысқа жеткен оқытушыларға наградалар табыс етті.
№1 оқу ғимаратындағы студенттердің оқу залында оқырмандарды «Үкі» атты жаңа инсталляция қарсы алып, құттықтайды. Үкі даналықтың символы болып танылады.
2018-2019 оқу жылының 1 семестрінде С. Аманжолов атындағы ШҚМУ қосымша академиялық кезең аясында 13 магистрді дайындады. Оларға қосымша академиялық кезеңді бітіру жөніндегі куәліктер табыс етілді.
Филология ғылымдарының докторы, қазақ, орыс филологиясы және журналистика кафедрасының меңгерушісі Айжан Маратбекқызы Картаеваны әдебиеттанудың қауымдастырылған профессоры ғылыми атағын алуыен құттықтаймыз!
Өскеменде түркітанушы, қазақ тіл білімінің негізін салушы Сәрсен Аманжоловтың туғанына 115 жыл толуына орай «С. Аманжолов және филологияның өзекті мәселелері» атты дөңгелек үстел өтті.