С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-да 3-6 қаңтар аралығында ШҚО білім басқармасының жоспарына сәйкес «Дарын» өңірлік ғылыми-практикалық орталығы оқушылардың жалпы білім пәндері бойынша республикалық олимпиадасының облыстық кезеңін өткізуде.
С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-да 4 қаңтардан бастап ШҚО мектептерінің 10-11 сынып оқушыларына арналған «Өсу орталығы» дайындық курстарының кезекті қысқы маусымы ашылды.
Биыл философия ғылымдарының кандидаты, профессор Геннадий Иванович Мостовенко 70 толып отыр. Көпжылдық еңбегі мен оқу орнын дамытуға қосқан үлесі үшін оған С. Аманжолов алтын медалі табысталды.