Алғашқы әскери дайындық кафедрасының оқытушылары А. Бөлекпаев, Д. Байдрахманов және Жоғары колледж оқытушысы Д. Нұрмұханбетова Күршім ауданында кәсіби бағдар беру жұмысын жүргізді.
Алғашқы әскери дайындық кафедрасының аға оқытушысы Б.Туғанбаев Өскемендегі №5 орта мектепте қазақ және орыс тілдерінде оқитын 9, 10 және 11 сынып оқушыларымен кәсіби бағдар беру жұмысын жүргізді.
Ағымдағы жылғы 23 қаңтарда Астанада Қазақстандағы жастар жылының ресми ашылуы өтеді. Аталған іс-шара елімізде мемлекеттік жастар саясатын жан-жақты қолдау мен жүзеге асыруға бағытталған ауқымды іс-қимыл жоспарын іске асыруға бастау болмақ.
ҰБТ-ны шет тілінде тапсырушылар санының артуына «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ қызығушылық танытты. Осыған орай, тестіленушілерге ынталандыру ретінде жоғары балл жинаған оқушыны шетелдік ЖОО-ға грантқа түсірмекші.
21 қаңтарда ШҚМУ-да «Шет тілі: екі шет тілі» және «Аударма ісі» білім беру бағдарламаларының өндірістік іс-тәжірибесі бойынша ұйымдастыру конференциясы өтті.