Бородулиха ауданының әкімі болып Өскемен қаласы әкімінің бұрынғы орынбасары Ольга Александровна Булавкина тағайындалды. Ол С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-ды «орыс тілі мен әдебиеті», «қаржы және несие» мамандықтары бойынша бітірген.
ЖОО басшыларын, құрылымдық бөлімшелер жетекшілерін және профессорлық-оқытушылық құрамды институционалды реаккредитация жөніндегі ЖОО-ның өзін-өзі бағалауы туралы есебін әзірлеуге үйрету бойынша семинар болып өтті.
Қазақстанда ұлттық бірыңғай тестілеу жылына 4 рет - қаңтар, наурыз, маусым, тамыз айларында өткізілетін болады. Тестілеу ақылы негізде өтеді, құны - 2242 теңге.
«2015-2020 жылдарға арналған үштілді білім беруді дамытудың жол картасын» іске асыру үшін С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-да бірқатар бағыттар қолға алынған.
9 қаңтарда Шығыс Қазақстан облысы Сараптама кеңесінің кезекті отырысы өтті, онда өңірдегі «Рухани жаңғыру» бағдарламасының іске асырылуы туралы есеп тыңдалды.
Өскемендегі ЖОО-лар, колледждер, мектептер оқытушылары мен қызметкерлері арасында Жамбыл гимназиясының директоры М. Иқсановты еске алуға арналған спартакиада өтті.
С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінде 10-11 сынып оқушыларына арналған «Өсу орталығы» дайындық курсының қысқы маусымының салтанатты жабылуы өтті.
Бүгін білім саласының басшыларымен өткен жиналыс барысында Өскемен қаласының әкімі Жақсылық Омар білім бөлімінің жаңа басшысы Жанат Айтпаеваны таныстырды.