С. Аманжолов ат. ШҚМУ ректоры М.Ә.Төлеген бірегей далалық құқықтық құжаттың түпнұсқасын алып келу үшін Қазанға аттанды. Оқу орны басшысы Татарстан Республикасының Қазақстандағы өкілетті өкілдігінен кітапты Абайдың 175 жылдығына арналған облыстағы конференция барысында уақытша көрмеге қою мүмкіндігін алып отыр.