С. Аманжолов атындағы ШҚМУ студенттері Д. Серікбаев атындағы ШҚМТУ-да сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы А. Шпекбаевтың қатысуымен өткен «Адал ұрпақ» студенттік антикоррупциялық форумына қатысты.
С. Аманжолов атындағы ШҚМУ ғылыми кітапханасында Өскемендегі оқу орындары кітапханашыларына арналған «Инклюзивті білім беру. Ақпараттық-библиографиялық сүйемелдеу» семинары өтті.
С. Аманжолов атындағы ШҚМУ экология және география кафедрасының оқытушылары С. Бакин, Ж. Жазнаева, С. Бейсембаева облыс мектептері арасында экология және табиғатты пайдалану бойынша аймақтық онлайн пәндік олимпиада өткізді.
«Саналы ұрпақ» жобалық кеңсесінің жетекшісі, С. Аманжолов ат. ШҚМУ қылмыстық құқық және қылмыстық іс жүргізу кафедрасының доценті Г. Байыркенова Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы А. Шпекбаевтың қолынан Алғыс хат алды.
Маркетинг, мансап және жұмысқа орналастыру орталығы «Ашық университет» акциясы аясында Өскемендегі №30 орта мектептің 9-11 сынып оқушылары мен университеттің стратегиялық даму және ғылыми жұмыс жөніндегі проректоры И. В. Ровнякованың кәсіптік бағдар беру кездесуін ұйымдастырды.
Бірнеше күн бұрын Үкімет Білім және ғылым министрлігінің әзірлеуімен дайындалған «Қазақстан Республикасының білім және ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» жобасын мақұлдағаны мәлім.
«Нұр Отан» партиясы Саяси менеджмент мектебінде (Нұр-Сұлтан қ.) Партиялық бақылау комиссиялары төрағаларына және Партиялық бақылау қызметінің өңірлік инспекторларына арналған тренинг өтті.