ШҚМУ телестудиясында «Табысты білім алуға арналған лайфхактар» ток-шоуы түсірілді. Бұл – «Altai jastary» медиаорталығы мен «Алтай» облыстық телеарнасының жобасы.
С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-да Ұлан ауданы мектептерінің мұғалімдері болды. Қонақтар «Зияткер», «Назарбаевтану» орталықтарын, облыстың білім мұражайын, «Altai jastary» телестудиясын, басқа да университет бөлімшелерін аралап көрді.
«Бір ел – бір кітап» акциясы аясында кітапханада биыл таңдалып алынған Әнуар Әлімжановтың «Ұстаздың оралуы» романы мен Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясы бойынша тақырыптық көрме ашылды.
Шығыс Қазақстан өнер мұражайында ақын, сәулетші, өнертанушы Л. Мартынованың «Абай әлемін ашу» эсселер жинағының таныстырылымы өтті, оған 1, 3 курс филолог-студенттері қатысты.
11 ақпан күні С. Аманжолов атындағы ШҚМУ экология және география кафедрасының оқытушылары С. Құмарбекұлы мен Г. Қалелова Өскемендегі Көлік және тіршілік қауіпсіздігі колледжінің студенттеріне кәсіби бағдар берді.