С. Аманжолов атындағы ШҚМУ Қазақстан тарихы кафедрасы «Цифрлық гуманитаристика» мамандығының 2 курс студенттері Президент Қ. Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» Жолдауын талқылады.
Қазақстан ЖОО-лары арасындағы VIII қысқы Универсиадада С. Аманжолов атындағы ШҚМУ қысқы Президенттік көпсайыс бойынша 181 ұпай жинап, 1 командалық орын (қыздар) алды.
С. Аманжолов атындағы ШҚМУ студенттері Әл-Фарабидің 1150 жылдығына арналған ҚР ЖОО-лары VIII Универсиадасында ерлер мен әйелдер арасындағы қысқы президенттік көпсайысқа қатысты.
9-13 ақпанда Үндістанда WAKO кикбоксингтен ашық халықаралық турнир өтті. С. Аманжолов атындағы ШҚМУ Психология, педагогика және мәдениет факультетінің дене шынықтыру және спорт мамандығының 2 курс студенті Серікбол Ермеков 1 орын алды.
С.Аманжолов атындағы Жоғары колледжінде «Экономика және құқық, әлеуметтік-гуманитарлық» пәндер апталығының аясында арнайы пәндер оқытушысы Адайханова А.Т. ұйымдастыруымен «Көңілді тапқырлар»интеллектуалдық сайысы өткізілді.