26 ақпанда «Алтайтану» ғылыми-зерттеу орталығы Алтай мемлекеттік университетімен (Барнаул қ., Ресей) бірге ұлы ойшылдың 1150 жылдығына орай «Әл-Фараби: әлемдік зияткерлік мәдениеттің дамуына үлес» вебинарын өткізеді.
С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың шетел азаматтары болып табылатын дайындық бөлім тыңдаушылары үшін облыстық тарихи-өлкетану мұражайына экскурсия ұйымдастырылды.
Жастар ресурстық орталығы ШҚМУ-мен және ШҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің аймақтық штабымен бірлесіп, көрсетілім түріндегі сот процесін өткізді.
С. Аманжолов атындағы ШҚМУ Рухани жаңғыру және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының профессоры Марат Мағзұмов Абайдың 175 жылдығына орай «Абайдың ел басқару ісіндегі және заң шығару бойынша қызметі» атты ашық дәріс берді.
С. Аманжолов атындағы ШҚМУ ғылыми кітапханасының қызметкерлері облыс мектептері кітапханашыларына арналған «Абай – идеялардың ашық әлемі: тәжірибеден іске» семинар-практикумына қатысты.