С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-да оқытушыларға арналған «Learning strategies that support CLIL» семинары өтті.
Семинар мақсаты – оқытушылардың кәсіби білімі мен дағдыларын CLIL «Content and Language Integrated Learning» тәсілі бойынша тереңдету. Семинарды «Тіл әлемі» көптілділік білім беру орталығының әдіскері, CLIL әдістемеcі бойынша сертификатталған жаттықтырушы А. Сайлыбаева жүргізді.
Семинар қатысушылары үлкен қызығушылық танытып, ұсынылған материалдардың байлығы мен практикалық маңызын атап өтті. CLIL сабақтарын жоспарлау, бағалау, белсенді оқыту стратегиялары, саралап оқыту және жоғарғы ойлау дағдыларын дамыту тәрізді маңызды негіздемелер талқыға салынды.
«Тіл әлемі» көптілділік білім беру орталығы