23.05.2023 АМАНЖОЛОВ УНИВЕРСИТЕТІ РУМЫНИЯНЫҢ КЛУЖ-НАПОКА ТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІМЕН КЕЛІСІМГЕ ҚОЛ ҚОЙДЫ Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті Румынияның Клуж-Напока техникалық университетімен (UTC-N) келісімге қол қойды. Екі жақты ғылыми байланыс орнату туралы ШҚУ ректоры Мұхтар Төлегеннің бастамасы Клуж-Напока техникалық университетінің ректоры Василе Топа тарапынан қолдау тапты. Ең алдымен екі университет арасында оқытушылар мен студенттер алмасу, ортақ жобалар жасау туралы еуропалық Эрасмус+ бағдарламасына қол қойылған болатын. UTC-N Еуропалық университет қауымдастығына (EUA), Black Sea Universities Network (SUN), Alliance of Universities for Democracy (AUDEM), Agence Universitaire de la Francophonie сияқты ұйымдарға мүше. THE тәуелсіз университеттер рейтингі бойынша университет әлемде 97-орында тұр. Клуж-Напока техникалық университеті — Мемлекеттік оқу орны. Онда 20 000-ға жуық студент 180 білім беру бағдарламасы бойынша білім алады. Профессорлар-оқытушылар құрамы 9 мыңнан астам. 88 ғылыми-зерттеу орталықтары, 600-ге жуық шетелдік серіктестері бар. 2020 жылы Клуж-Напока техникалық университеті Еуропаның басқа жеті университетімен бірге еуропалық технологиялық университет (EUT+) деп аталатын консорциум құрды. Бұл серіктестіктің мақсаты – академиялық қоғамдастықта танымал әрі құрметке ие сегіз кампусы бар біртұтас қуатты университет құру. Осы мақсатқа жету үшін қазіргі уақытта Клуж Напока техникалық университеті интеграцияны күшейтуге, басқаруды үйлестіруге және стратегияларды үйлестіруге бағытталған бірқатар шаралар өткізуде. Клуж-Напока техникалық университетінің EUT + серіктестері-София техникалық университеті (Болгария), Кипр технологиялық университеті (Кипр), Тройс технологиялық университеті (Франция), Дармштадт Жоғары мектебі, қолданбалы ғылымдар университеті (Германия), Дублин технологиялық университеті (Ирландия), Рига техникалық университеті (Латвия), және Картахена техникалық университеті (Испания). Соңғы екі жылда Румыния университетінің жобалары айтарлықтай артқан. Халықаралық бөлім View the full image Технический университет Клуж-Напока