17.04.2020 Биология кафедрасы кәсіби бағдар беру жұмысын жаңа форматта жүргізуде С.Аманжолов атындағы ШҚМУ Биология кафедрасы кәсіби бағдар беру жұмысын жаңа форматта жүргізіп жатыр. ZOOM платформасының негізінде ұйымдастырылған вебинарға Күршім ауданы орта мектептерінің түлектері шақырылды. Тікелей эфирге биология кафедрасының оқытушылары, жаратылыстану ғылымдары және технологиялар факультетінің кафедра меңгерушілері, маркетинг, мансап және жұмысқа орналастыру орталығының жетекшісі, қабылдау комиссияның жауапты хатшысы қатысты. Вебинарда түлектерге білім беру бағдарламалары жайлы толық мағлұмат берілді. Сонымен қатар, ZOOM платформасы арқылы кіре алмаған оқушыларға Инстаграм желісі (vkgukafedra_biologii парақшасы) арқылы да тікелей эфир жүргізілді. Университет ұсынған оқу жеңілдіктері туралы айтылып, мектеп бітірушілерді толғандыратын барлық сұрақтарға жауап берілді. Биология кафедрасы View the full image View the full image View the full image View the full image