С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың журналистика мамандығының студенттеріне арналған 2 күн қатарынан «Медиасауаттылық және Fact-checking мәселесі» атты семинар-тренинг болып өтті.
Семинар-тренингті саясат ғылымдарының докторы, профессор, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың бірінші ректор кеңесшісі Ибраева Ғалия Жүнісовна мен журналистика факультеті деканының оқу-ісі жөніндегі, ғылыми-инновациялық және халықаралық қатынастар жөніндегі орынбасары, филология ғылымдарының кандидаты, доцент Мысаева Қарлыға Нақысбекқызы өткізді.
Семинар-тренингтің алғашқы күні Мичиган Мемлекеттік университетінің (АҚШ) профессоры, Knight журналистер одағының директоры Эрик Фридманның «Медиасауаттылықты қалай оқытуға болады?» атты дәрісін скайп арқылы тыңдаумен басталды. Эрик Фридман студенттердің сұрақтарына жауап беріп, жалған ақпаратты анықтау туралы мәліметтер берді. Ары қарай Ғ.Ж. Ибраева жас журналистерге «Медиалық және ақпараттық сауаттылық негіздері», «Жаңалықтардағы медиасауаттылық» атты дәрісін оқып, берілген білімді бекіту мақсатында түрлі тапсырмалар берілді.
Екінші күні Қ.Н. Мысаева студенттердің өзі туралы бір ғана сөзбен жауап жазылған ақпаратты оқи отырып бірін-бірі таныстырудан бастады. Жалған ақпаратты қалай анықтау керектігін түсіндіріп, «TinEye», «Stalksca.com», «WhoisDomain Lookup», «Snopes» және т.б., әр түрлі бағдарламалардың қолданылуын үйретті.
Жаттығу жұмыстарын да жасатып, семинар-тренингтің барынша қызықты өтуі үшін барын салды. Студенттер жаттығуды қызыға орындап, бір-біріне сын-сауалдарын да қоя алды. Дәріс соңында студенттер келген ұстаздарға алғысын айтып, алған білімдерімен, алған әсерлермен бөлісті. Барлық қатысушыларға сетификат табысталды.
Ләззат Қанатқызы,
журналистика мамандығының 3 курс студенті