27.09.2019 Экология және география кафедрасында 1 курс студенттерін қабылдау кеші өтті С. Аманжолов атындағы ШҚМУ Экология және география кафедрасында «Экология», «География», «Қоршаған ортаны қорғау және өмір қауіпсіздігі» мамандықтарының 1 курс студенттерін қабылдау кеші өтті. Іс-шараны кафедраның 2 курс студенттері ұйымдастырды. Салтанатты кешті кафедра меңгерушісі К. Дәкиева ашып, бірінші курс студенттерін құттықтады. Одан әрі 1 курс студенттері ант қабылдады. Кеш концертпен жалғасып, студенттер өз өнерлерін көрсетті. Концерттің соңы би кешімен аяқталды. Экология және география кафедрасы View the full image View the full image