06.10.2016 Хайдарабад маржандар жазығындағы іс-тәжірибе Қыркүйек айының 19-ы мен 30-ы аралығында С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың xалықаралық ынтымақтастық бөлімінің басшысы Д.Р. Сапарова Қазақстандағы Үндістан елшілігінде (Үндістандағы техникалық- экономикалық ынтымақтастық бағдарламасы) ITEC бағдарламасының аясында «Leadership Development Program for Enhanced Public Service Delivery» атты тәжірибесінен өтті. Бағдарлама (ITEC) Үндістан Үкіметі тарапынан қаржыландырылады, ондағы Үндістанның 40-тан астам ірі ЖОО мен колледждерінде 200 шақты қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді түрлі пәндер бойынша курстар жүргізіледі.Жеке және мемлекеттік сектор ұйымдардың көшбасшылық дағдыларын нығайтуды және менеджменттің түрлі құрылымдарда дамуын жетілдіруді көздеген «Leadership Development Program for Enhanced Public Service Delivery» курсы. «Барлық оқыту бағдарламалары тек ағылшын тілінде жүргізіледі. Оқыту бойынша шығындарды Үндістан Үкіметі қамтиды,оның ішінде халықаралық авиа ұшу, тұрғын үй, тамақтану шығындары және де институтте оқу шығындары.Бағдарлама бойынша оқитындар күнделікті шығындарына шәкіртақы және зейнетақы алады, сондай-ақ қажетті әдебиеттер сатып алуға қосымша қаржы бөлінеді. Бағдарламаға қатысушылардың кездесу іс-шараларын Үндістандағы институт жүзеге асырады. Жергілікті көрікті жерлерді көрсету бойынша экскурсияны институт ұйымдастырады». Бағдарлама аясында келесідей курстар тыңдалды: «Көшбасшылық», «Корпоративтік мәдениет», «Үкіметтік қызмет көрсету», «Жетекшілік стилі», «Жанжалды жағдайлар және оларды шешу» және т.б. Бағдарламаға қатысушылардың саны 32 адам Польшадан, Шри-Ланкадан, Мальдивадан, Нигериядан, Малавиядан, Угандыдан, Малайзиядан, Бутан, Лебанон, Мысырдан, Ирак елдерінен көбінесе Үкімет, сот және білім беруді ұйымдастыру өкілдері болды. Сабақтың бірінде,әркімнің өз елін және мәдениетін таныстыру рәсімі өтті. Қазақстан бағдарламаға қатысушылардың қызығушылығын тудырды, өзінің климатымен, өзен-тауының сұлулығымен, мәдениетінің әр- түрлілігімен және ерекше тағамдарымен. Бағдарлама соңында қатысушыларға сертификаттар табысталды. Тұтас алғанда бағдарлама жоғары деңгейде ұйымдастырылған. Халықаралық ынтымақтастық бөлімі View the full image