Мәскеудегі Ресей халықтар достығы университетінің профессоры, заң ғылымының докторы Лев Бертовский С. Аманжолов атындағы ШҚМУ студенттеріне арналған дөңгелек үстелге қатысты.
Дөңгелек үстел тақырыбы – «Қазақстандағы және шетелдегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы қолданудың өзекті мәселелері».
Лев Владимирович Бертовский Ресейдегі антикоррупциялық заңнама туралы айтып, өз тәжірибесімен бөлісті, студенттер сұрақтарына жауап берді.
Ресей ғалымы бұл шараға ШҚМУ-да өткен «Қоғамдағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың адамгершілік-этикалық және құқықтық негіздері» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы аясында қатысты. Конференцияда ол цифрландыру жағдайындағы жемқорлықпен күрес мәселелері тақырыбында баяндама жасады.
Л.В. Бертовский ШҚМУ-дың №1 оқу ғимаратында орналасқан Криминалистикалық орталығымен, «Рухани жаңғыру» конференц-залымен және «Altai jastary» телестудиясымен танысты.
Баспасөз қызметі