22.04.2020 Мұқтаж оқушыға ШҚМУ-дың оқу гранты табысталды Қасиетті Рамазан айының қарсаңында №1 орта мектептің түлегі, ата-анасыз төрт баланы тәрбиелеп отырған жетім қыз Жанбота Жақиянова С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың оқу грантын алды. Рамазан – қайырымдылық айы. Осыған орай, жетім қызға университет атынан жоғары оқу орнының ректоры М.Ә. Төлеген ШҚМУ-дың оқу гранты түрінде әлеуметтік көмек көрсетті. Жанботаны стратегиялық даму және ғылыми жұмыс жөніндегі проректор И. Ровнякова да құттықтап, ҰБТ-ны сәтті тапсыруды тіледі. Мектеп түлегі алдағы 1-қыркүйекте университетке оқуға келеді. Мұнымен қоса, университет аз қамтылған отбасыға материалдық көмек көрсетті, атап атқанда компьютерлерді, жазу үстелдерін, бетперделер мен антисептиктерді сыйлады. Баспасөз қызметі View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image