20.01.2020 Облысымыздағы Қазақстан халқы Ассамблеясының Еріктілер орталығы ашылды ШҚО-да ҚХА еріктілер қозғалысы орталығының вшылуына арналған бірыңғай күн өтті. Облыстық Достық үйі – қоғамдық келісім орталығында Еріктілер жылының салтанатты ашылуы болды. – 2020 жылы Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығы, Абайдың 175 жылдығы, Еріктілер жылы өтеді. Бұлардың барлығы да – аса маңызды рухани-мәдени, саяси-әлеуметтік оқиғалар, – деді облыс әкімінің орынбасары Әлішер Мархабат. ШҚО ҚХА Еріктілер қозғалысының орталығы төрт бағытты қамтиды – әлеуметтік, білім берушілік, спорттық, медиативтік. Еріктілер қозғалыстарының жетекшілері жұмыс ерекшелігі және даму келешегі турал ыайтты. ШҚО ҚХА еріктісі болу үшін мына электронды адреске өтінісм беру керек: volonter_ank@mail.ru. Баспасөз қызметі View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image