03.07.2019 Осы оқу жылында ШҚМУ мамандарды 95 білім беру бағдарламасы бойынша даярлады Осы оқу жылында маман даярлау бакалавриаттың 54, магистратураның 33, докторантураның 8 білім беру бағдарламасы бойынша іске асырылды. Қолданыстағы бағдарламалардың 17-сі – өңір үшін сұранысқа ие былтыр ашылған жаңа бағдарламалар. Оның ішінде үшеуі – инновациялық бағдарлама («Цифрлық гуманитаристика», «Компьютерлік мехатроника», «Сауықтыру дене шынықтыруы») және төртеуі – кіріктірілген («Химия-Биология», «Математика-Физика», «Физика-Информатика», «География-Тарих»). 16 білім беру бағдарламасы 5 жыл мерзімге халықаралық мамандандырылған аккредитациядан өтті. «2016-2019 жылдарға арналған білім мен ғылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламасына» және «2018-2022 жылдарға арналған ШҚМУ-дың даму бағдарламасына» орай университет өз алдына мамандарды өңірлік еңбек нарығының қажеттілігіне сай сапалы дайындау міндетін қойып отыр. Биыл тағы да жаңа білім беру бағдарламаларын ашу жоспарлануда. Ғылыми кеңесте бағдарламаларды оңтайландыру, тиімсіз, өзексіздерінен бас тарту, қайталанатындарды біріктіру, оқыту сапасын арттыру қажеттігі айтылды, ал жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын көбейтудің маңызы бар. Баспасөз қызметі View the full image