06.06.2019 Отандық тарихшы ШҚМУ-дың Сирек кітаптар қорынан келешек кітабы үшін материалдар жинап жүр Білім және ғылым министрлігіне қарасты Мемлекет тарихы институтының (Нұр-Сұлтан қ.) жетекші ғылыми қызметкері, тарих ғылымдарының кандидаты Қанат Енсенов қазақтың ұлы қолбасшысы Қабанбай батыр туралы келешек кітабына материалдар жинау үшін Шығыс Қазақстанға келді. Ғалымның зерттеу бағыты – ХХ-ХХІ ғасырлардағы тарихи демография, этносаралық келісім, тұлғалар, тарихтану және деректану мәселелері. Қ. Енсенов – 90 шақты ғылыми жарияланым мен монографияның авторы. Тарихшы өңірімізде бір аптадан көп болады. Ол облыстың мемлекеттік мұрағатында, Достық үйінде болды, енді С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың Сирек кітаптар қорында жұмыс істемек. Сирек кітаптар қоры – университет құндылығы. Онда 8, 9, 10 ғасырлардағы 13 мыңнан астам басылым – орыс, неміс, француз, ағылшын және өзге тілдердегі кітаптар, брошюралар, түрлі салалық журналдар, атластар, суретті материалдар бар. Қорда Қазақстанға қатысты 170 еңбек сақталған, ең ескісі – 1738 жылғы. Қордың ең құнды жәдігерлері ЮНЕСКО-ның «Әлем жадысы» тізіміне енген. Ғалым «Сібір жаршысы» (1818-1824), «Азия жаршысы» (1825), «Орыс географиялық қоғамы Семей бөлімшесінің жазбалары», «Көне тарих жаршысы» секілді еңбектерге қызығушылық танытып отыр. – Тарихты дұрыс жазу үшін нақты материалдар, дереккөздер керек. Сирек кітаптар қорында осындай мүмкіндік бергендеріңіз үшін рақмет. Мұндай бай байырғы кітаптар қорын еліміздің басқа еш облысынан кезіктірген емеспін. ШҚМУ кітапханасы Петербор, Мәскеу, Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларындағы кітапханалармен тең дәрежеде, – дейді Қ. Енсенов. Баспасөз қызметі View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image