С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың «Парасат» интеллектуалдық клубы Наурыз мерекесіне орайластырып қатарынан екі сайыс өткізді.
«Парасаттың шытырманы» атты алғашқы сайыста сегіз топ бақ сынасты. Бұл ойынның ерекшелігі – өту форматында.
Сайыста екі шет тілі мамандығының «Winner» және «Жас Отан» белсенділерінің «Алаш» командалары мәреге қатар келді.
Ал, «Парасат» зияткерлік ойынында қазақ салт-дәстүрі, мәдениеті, тарихы тұрғысынан сұрақтар қойылып, мақал-мәтел сайысы өтті. Мақал-мәтел жарысында Талғар мырза Шаңжың Айботаға жігітке тән сабаздығын көрсетіп, жолын берді.
Ббас жүлдені – маусымдық ауыспалы кубокты «Шамшырақ» тобы иеленсе, екінші рет финалист атанып, қарсыласына есе жіберген «Jadiger» тобы екінші орынды қанжығасына байлады. Үшінші орынды қарсыластарынан бір ұпаймен кейін қалған «Микс» тобы місе тұтты.
Міне, бір күндегі қос сайыстың қорытындысы осындай.
Гүлжазира Кәденова,
қайта өңдеу өндірісінің технологиясы мамандығының
2 курс студенті