16.06.2020
ШҚМУ-2020 бойынша экскурсия: №7 оқу ғимараты (фоторепортаж)
№7 оқу ғимаратында жаратылыстану ғылымдары және технологиялар факультеті, физика, математика, компьютерлік үлгілеу және ақпараттық технологиялар, инженерия және технологиялар кафедралары орналасқан.
Корпуста компьютерлік сынып, өндірістік-тәжірибелік және технологиялық сектор, рентген дифрактометрия секторы, материалдарды плазмалық-электролиттік модификациясы зертханасы, спектрлік сараптау және т.б. бар.
Сонымен қатар, ғимаратта кітапхана, спортзал және асхана орналасқан.
№7 оқу ғимараты Шәкәрім көшесі, 148 мекенжайы бойынша орналасқан.
Баспасөз қызметі