04.02.2020 ШҚМУ-да «Ақбозат» шахмат клубы ашылды С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-да «Ақбозат» шахмат кабинеті мен клубының салтанатты ашылуы өтті, кабинет №1 оқу ғимаратындағы спорт залының қасында орналасқан. Кабинет қабырғаларында әйгілі шахматшылардың – Таль, Алехин, Карпов, Каспаровтың, отандық спортшылар Гүлнара Сахатова, Дәрмен Сәдуақасов, Жансая Әбдімәліктің және тағы басқалардың суреттері ілінген. – Шахмат кабинетінің Еріктілер жылында ашылып тұрғаны тамаша. Бұл – студенттер мен қызметкерлердің зияткерлік мүмкіндіктерін дамыту жолындағы тағы бір қадам. Баршаңызды осы қуанышты оқиғамен құттықтаймын! – деді С. Аманжолов атындағы ШҚМУ ректоры Мұхтар Төлеген рәсімде. Лента қию құрметі дене шынықтыру және спорт кафедрасының профессор Анатолий Каукутинге берілді. Клуб пен кабинеттің ашылуы ШҚМУ оқытушылары мен қызметкерлері арасындағы кешенді спартакиаданың және ондағы алғашқы сайыстың – шахмат сайысының басталуымен тұспа-тұс келді. Сайысқа А. Каукутин бас төреші болды. Баспасөз қызметі Фото https://cloud.mail.ru/public/46gi/5rDG5QZD5 View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image