24.07.2019 ШҚМУ-да аккредиттелетін білім беру бағдарламаларының 2023 жылға дейінгі даму жоспары әзірленген 2019-2023 жылдарға арналған аккредиттелетін білім беру бағдарламаларын дамыту жоспарына сай бірқатар іс-шаралар қарастырылған. Іс-шаралар қатарында – халықаралық мамандандырылған аккредиттеуден өту; ұлттық және әлемдік академиялық рейтингтерге қатысу; білім беру ұйымдарында кафедралар филиалдарын ашу; білім беру бағдарламаларын әзірлеуге стейкхоллдерлерді тарту; қосдипломды білім беру бағдарламаларын енгізу. Мұнымен қоса, білім алушылар мен оқытушылардың халықаралық академиялық ұтқырлығының мүмкіндіктерін кеңейту; шетелдік ғалымдарды, оқытушыларды, кеңесшілерді оқу үрдісіне тарту; іргелі және қолданбалы зерттеулерді ұйымдастыру және жүргізу, халықаралық бағдарламалар бойынша қызметкерлер біліктілігін арттыру қарастырылған. Баспасөз қызметі View the full image