17.01.2020 ШҚМУ-да білім беру мазмұнын жаңарту мәселелері бойынша белсенді диалог жалғасуда «Білім беру мазмұнын жаңартудың өзекті мәселелері: теориядан практикаға» атты әдістемелік практикумның үшінші және төртінші күндері оқу үдерісіне тиімді технологияларды енгізудің өзекті мәселелерін талқылауға арналған. «Дивергенттік ойлауды қалыптастыру технологиясы; ассоциограмма және кейс-стади әдісі» атты семинар-тренингте п.ғ. к., педагогикалық білім беру және менеджмент кафедрасының доценті С. Г. Сахариеваның жетекшілігімен оқу үрдісінде дивергенттік ойлауды қалыптастыру әдістері талқыланды. Іскерлік ойын барысында «Критериалды бағалау жүйесі» шеберлік сыныбы аясында (лектор-Н. И. Бенеш, п.ғ. к., педагогикалық білім беру және менеджмент кафедрасының доценті) қатысушылар білім берудің жаңартылған мазмұны жағдайында оқу жетістіктерін бағалау жүйесі ретінде критериалды бағалауды қолдану ерекшеліктерін талқылады. «Физиканы оқытуда квест-технологияны қолдану» мастер-класс аясында Риддер қаласының «М. Горький атындағы негізгі орта мектебі» КММ физика пәні мұғалімі А. Ю. Кузнецова өз тәжірибесімен бөлісті. Тантыбаева Б. С., п.ғ. к., химия кафедрасының доценті – «Жаңартылған білім берудегі критериалды бағалау жүйесінің негізгі принциптері», іскерлік ойынның элементтерін қолдана отырып мастер-класс өткізді. Г.ғ. д., экология және география кафедрасының профессоры Егорина А.В. 9 сыныпқа арналған «Қазақстан географиясы» оқулығын ұсынып, жаңартылған білім беру мазмұнының контекстінде оқулықтарды әзірлеу ерекшеліктері туралы әңгімеледі. Phd докторы, экология және география кафедрасының аға оқытушысы Н. Ж. Женсикбаева «Жаңартылған бағдарлама негізінде АКТ-ны қолданудың мүмкіндіктері» білім берудің жаңартылған мазмұнының контекстінде оқу үрдісінде АКТ-технологияларды қолдану тәжірибесін, сабақта тапсырмаларды құрастыру үшін әртүрлі бағдарламалардың мүмкіндіктерін (Quizlet, Kahoot) көрсете отырып атты іскерлік ойынын өткізді. Әр түрлі форматтарда өткізілген іс-шаралар барысында сабақтарда инновациялық технологияларды пайдаланудың проблемалық мәселелері және СОР және СОЧ арналған мақсаттарға сәйкес тапсырмаларды құрастыру ерекшеліктері талқыланды. Фото https://cloud.mail.ru/public/BEpf/2bCwvgTLD https://cloud.mail.ru/stock/9QHgwCMyA88zhBgM6vBj4vjM Білім беру бағдарламаларын әдістемелік қолдау бөлімі View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image