14.01.2020 ШҚМУ-да білім мазмұнын жаңарту мәселесіне арналған әдістемелік практикум басталды С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-да пәндерді оқыту әдістемесін жүргізетін оқытушыларға арналған «Білім берудің мазмұнын жаңартудың өзекті мәселелері: теориядан практикаға» атты әдістемелік практикум басталды. Іс-шараға қатысушыларға оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі проректор Досым Ерболатұлы құттықтау сөзін арнады. Әдістемелік практикумның бағдарламасы әр түрлі оқыту сипатындағы іс-шаралардан тұрады, оның барысында Өскемен қаласының Педагогикалық шеберлік орталығы филиалының тренерлері, ШҚО бойынша «Өрлеу «Біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ-ның тренерлері, университет оқытушылары мен облыс мектептерінің мұғалімдері тәжірибелерімен бөліседі. Практикумның бірінші күні филиал тренерлері С. Ислямова және Е. Марченко «Білім мазмұнын жаңартудың өзіндік ерекшеліктері» тақырыбы бойынша мазмұнды семинарлар өткізді. Жұмыс барысында білім берудің жаңартылған мазмұнын енгізу, оқу үдерісінде оқытудың тиімді технологияларын қолдану мәселелері бойынша қызықты диалог өтті. Әдістемелік практикум жұмысының қорытындысы бойынша бірқатар әдістемелік құралдар басып шығару жоспарлануда, оның ішінде «Жаңартылған білім беру мазмұны шеңберіндегі инновациялық технологиялар» аясында лекторлар мен қатысушылардың үздік жұмыс тәжірибесі жарияланатын болады. Білім беру бағдарламаларын әдістемелік қолдау бөлімі View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image