19.07.2019 ШҚМУ-да халықаралық ынтымақтастық түрлі бағыттар бойынша іске асырылады ШҚМУ-ды әлемдік білім беру кеңістігіне кіріктіру, оқытушылар мен студенттердің академиялық ұтқырлығын қамтамасыз ету, білім саласындағы халықаралық сапа стандарттарын енгізу мақсатында халықаралық ынтымақтастыққа ерекше мән берілуде. С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті халықаралық ынтымақтастық аясында білім беру қызметінің саласын кеңейтіп, мамандарды дайындаудың тиімді мүмкіндіктерін тереңдетуде. Халықаралық ынтымақтастық оқытушылар мен студенттердің академиялық ұтқырлығы (халықаралық алмасулар, іссапарлар) бағдарламаларын іске асыру, шетелдік лекторларды мамандықтар бойынша дәрістер оқуға шақыру бойынша орындалады. Академиялық ұтқырлықты дамыту университет үшін мыналарды қамтамасыз етеді: жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіби білімі бар мамандарды даярлаудың сапасын арттыру, педагогикалық және ғылыми кадрлар біліктілігін арттыру, университетті ғаламдық ғылыми-білім беру кеңістігіне кіріктіру, сондай-ақ әлемдік білім беру қызметі нарығында университетті білім мен ғылым саласындағы өзара тиімді ынтымақтастық үшін серіктес ретінде таныту. Университеттегі академиялық ұтқырлықты іске асыруды реттеуші құжаттар арасында Болон декларациясы, 2011-2020 жылдарға арналған білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы, ҚР жоғары оқу орындары білім алушылары академиялық ұтқырлығының тұжырымдамасы және басқалар бар. ЖОО-ның жаңа оқу жылындағы №1 міндеті – сыртқы ұтқырлық сапасын қамтамасыз ету, академиялық ұтқырлық бағдарламалары бойынша сыртқа шығушы студенттер санын көбейту. Қазіргі кезде ШҚМУ-да шетелде оқу, көлденең академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша оқуға шетелге бару барынша насихатталған. Баспасөз қызметі View the full image