19.11.2019 ШҚМУ-да Ілияс Жансүгіровтің 125 жылдығына арналған тәрбие сағаты өтті С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-да Ілияс Жансүгіровтің 125 жылдығына арналған «Мен өзім тауда туып, тасында өстім» тәрбие сағаты өтті. Тәрбие сағаты биология кафедрасында магистранттардың үздіксіз іс-тәжірибесі аясында «Биология» білім беру бағдарламасының 2 курс магистранты А. Дәнебекованың жетекшілігімен, 1 курс студенттерінің ұйымдастыруымен өтті. Іс-шара мақсаты – биология білім беру бағдарламасының студенттері арасында І. Жансүгіровтің өмірі мен шығармашылығын насихаттау, ұрпақ жалғастығын жаңғырту. Кеш барысында студенттер ақынның өмірі мен шығармашылығына шолу жасап, ол жайлы түсірілген бейнефильмді тамашалады, викториналық сұрақтарға жауап беріп, танымал поэмалары мен өлеңдерінен үзінділер оқыды. Биология кафедрасы View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image