31.03.2020 ШҚМУ-да ІТ-білім беру бойынша жаңа пәндер енгізілді ІТ-білімді және «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аясында С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-да жаңа элективті пәндер енгізілді. Айталық, «Информатика» білім беру бағдарламасына «Web-бағдарламалау», «Мектеп оқушылары ғылыми жобаларындағы компьютерлік модельдеу», «Педагогикалық бағдарламалық құралдар дизайны және құрылымы», «Macromedia Flash-тегі бағдарламалау», «Web-дизайн», «Сараптамалық жүйелер және жасанды интеллект негіздері», «Білім беру роботты техникасы» пәндері енгізілді. «Компьютерлік мехатроника» инновациялық білім беру бағдарламасы «Жаңа мамандықтар атласы» жаңа мамандықтар тізіміне енді. Бұл бағдарламаның түлектері еңбек нарығында сұранысқа ие. Сондай-ақ, университетте STEM-білім беру бағыты дамуда. «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасын іске асыруға университеттің мықты материалдық-техникалық базасы, Назарбаев зияткерлік мектебі үлгісіндегі зертханалық құрал-жабдықтары септігін тигізуде. Бұлар – жаңа ІТ-сыныптар, химия бойынша оқу сыныбы, екі химия зертханасы («KAZ Minerals-пен» бірлесе жасалған), академик А. Ахметов атындағы химия кабинеті, Ж. Ахмеров атындағы цифрлық гуманитаристика кабинеті, Robolab роботты техникалық зертханасы. Баспасөз қызметі View the full image