09.12.2019 ШҚМУ-да «Jas Otan life» сайысы өз мәресіне жетті С. Аманжолов атындағы ШҚМУ «Jas Otan» жастар қанатының белсенді жастары ұйымдастырған «Jas Otan life» қорытынды сайысы мәресіне жетті. Сайыс студенттер үйлері арасында өтті. Ойын алдында оқу ордамыздың «Jas Otan» ЖҚ-ның төрағасы М. Есенгелдіұлы қатысушыларға сәттілік тіледі. Сайыс шарттары бойынша 1-ші студенттер үйінен «Жаңа толқын», 3-ші студенттер үйінен «Жалынды жастар», 4-ші студенттер үйінен «Жас Алаш», 5-ші студенттер үйінен «Болашақ» топтары 8 кезең бойынша бір-бірімен сынға түсті. Барлық командалар шапшаң, епті, тапқыр екендіктерін дәлелдеді. Қазылар алқасы – ШҚО «Жас Отан» ЖҚ-ның төрайымы Маржан Бақытқызы, Өскемен қаласы «Жастар ресурстық орталығының» басшысы Ринад Ахметжанов, бөлім маманы Айдос Әділбеков жеңімпаздарды анықтады. 1-ші орын «Жас Алаш», 2-ші орын «Болашақ», 3-ші орын «Жалынды жастар» мен «Жаңа толқын» топтарына тиесілі болды. Жеңімпаз командалар мақтау қағаздарымен және сыйлықтармен марапатталды. Сонымен қатар, жасотандықтар арасынан белсенділік танытқан Назарбек Бекболат «Lider Jas Otan» номинациясына ие болды. Біз келер жылда сіздерден жаңа идеялар мен нақты жоспар күтеміз! Әрдайым белсенді болыңыздар! Жастар ісі жөніндегі комитет View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image