30.03.2020 ШҚМУ-да қашықтан оқыту екі білім беру порталы арқылы жүргізілуде С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-да қашықтан оқыту онлайн-дәрістер және онлайн-практикалық сабақтар түрінде ZOOM, Big blue button және басқа платформалар арқылы жүргізілуде. Білім және ғылым вице-министрі М. Дәленовтің 12 наурыздағы тапсырмасымен ШҚМУ 16 наурыздан қашықтан оқытуға көшкен. Қашықтан оқыту күндізгі бөлім білімгерлері үшін Қашықтан оқыту порталы арқылы, магистранттар мен докторанттар үшін eUniver білім беру порталы арқылы іске асырылып жатыр. Ғылыми кеңес отырысында оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі проректор Д. Ерболатұлы қашықтан оқытуға көшу және эпидемиологиялық жағдайға байланысты қабылданған шаралар туралы ақпарат берді. Бүгінде жоғары оқу орнында білім беру үрдісі бекітілген кестеге сай толық көлемде іске асырылуда, оқытушылар мен білім алушылар барлық қажетті ресурстармен қамтылған. Баспасөз қызметі View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image