Облыс аудандарының 10-11 сынып оқушылары 25-31 наурыз аралығында С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың «Өсу орталығында» ҰБТ пәндері бойынша тереңдетілген дайындық алып, білімдерін бекітті.
Сағат 8.30-дан 15.30-ға дейін тыңдаушылар дайындық бағдарламасына сәйкес сабақтарға қатысты. Бейіндік пәндер бойынша қарқынды дайындықтан басқа, балалар үшін спорттық іс-шаралар, мұражайларға, ғылыми-білім беру орталықтарына, университет зертханаларына экскурсиялар ұйымдастырылды.
31 наурызда курс аяқталғаннан кейін оқушыларға сертификаттар мен грамоталар табыс етілді. Тәрбие жұмысы бөлімі мен университет белсенділері концерт көрсетіп, түлектермен студенттік өмір туралы пікірлесті.
Балалар дайындау курстарының көктемгі маусымын жақсы көңіл күймен және жағымды эмоциялармен аяқтады.
Маркетинг, мансап және жұмысқа орналастыру орталығы