19.09.2019 ШҚМУ-да «Параграф» ақпараттық жүйесі бойынша шеберлік сағаты өтті С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың ғылыми оқу залында (№1 оқу ғимараты) «ИнфоТех&Сервис» серіктестігінің маманы Роман Вихляев «Параграф» ақпараттық жүйесін пайдалану бойынша шеберлік сағатын өткізді. «Параграф» ақпараттық жүйесі – заңнамаға байланысты кез келген мәселенің оңтайлы шешімін тез табуға мүмкіндік беретін құқықтық ақпараттың үлкен көлемін талдаудың ыңғайлы құралы, сондай-ақ заңгерлер, бухгалтерлер, медиктер үшін бірнеше ақпараттық блоктарды және әр адамға күнделікті қажет анықтамалық ақпаратты біріктірген жүйе. Оған мемлекеттік мекемелердің, коммуналдық қызметтердің, әлеуметтік сала мен қызмет көрсету саласында жұмыс істейтін ұйымдардың мекенжайлары мен телефондары және т.б. енеді. Іс-шара барысында ЭжҚФ студенттері, университет және ғылыми кітапхана қызметкерлері жүйе мүмкіндіктеріне байланысты жаңа білім мен ақпарат алды. Ғылыми кітапхана View the full image View the full image