13.04.2020 ШҚМУ-да Психология, педагогика және мәдениет факультетінің апталығы басталды ШҚМУ-да Психология, педагогика және мәдениет факультетінің қашықтан оқытуға арналған әдістемелік апталығы басталды. Апталық мақсаты – оқытушылардың құзіреттілігін арттыру, қашықтан оқыту форматындағы білім беру сапасын жақсарту үшін озық педагогикалық тәжірибені қолдану. Апталық аясында дәрістер, семинарлар, байқаулар, викториналар, дөңгелек үстелдер және шығармашылық мамандықтарда («Музыкалық білім беру», «Дене шынықтыру және спорт», «Алғашқы әскери дайындық») қашықтан оқытуды ұйымдастыру бойынша вебинарлар жоспарланған. Апталыққа қатысуға ниеттілердің бәрі ШҚО ән шығармашылығымен танысып, шығысқазақстандық әрістердің орындауындағы «We are the world» әнінің премьерасын тыңдай алады. Психология, педагогика және мәдениет факультеті View the full image