16.04.2020 ШҚМУ-да «ШҚО-ның музыкалық мәдениеті» дөңгелек үстелі өтті Психология, педагогика және мәдениет факультетінің әдістемелік апталығы аясында музыкалық білім беру кафедрасы онлайн режимде «ШҚО-ның музыкалық мәдениеті» дөңгелек үстелін өткізді. Кафедра оқытушылары дарынды жерлестеріміз туралы мәліметтерді жинауда, олар келешекте «ШҚО-ның музыкалық мәдениеті» электронды энциклопедиясында ұсынылмақ. Дөңгелек үстелде кафедра мамандары жиналған материалдарды музыкалық түрлерге, жанрларға топтастырды. Сондай-ақ, вокалдық, хорлық, халықтық аспапты, эстрадалық-джаздық, үрмелі музыканы дамыту мәселелері қаралды. Қатысушылар шығысқазақстандық музыкатанушылар қызметімен, Тарбағатай ауданының музыкалық мәдениетімен танысты. Музыкалық білім беру кафедрасы View the full image View the full image