17.04.2020 ШҚМУ-да шығармашылық пәндерді қашықтан оқытуды ұйымдастыру бойынша оқытушыларға арналған оқыту вебинары өтті С.Аманжолов атындағы ШҚМУ Психология, педагогика және мәдениет факультеті әдістемелік апталық шеңберінде «Шығармашылық пәндер бойынша қашықтан оқытуды ұйымдастыру» оқыту вебинарын өткізді. Вебинарға факультет декандары, кафедра меңгерушілері, ЖОО оқытушылары, колледж оқытушылары, мектеп мұғалімдері қатысты. Шығармашылық пәндер бойынша қашықтан оқыту форматындағы сабақтарды өткізу тәжірибесімен колледж және мектеп оқытушылары, ШҚМУ алғашқы әскери дайындық, дене шынықтыру және спорт теориясы мен әдістемесі, музыкалық білім беру кафедраларының оқытушылары бөлісті. Вебинар модераторы психология, педагогика және мәдениет факультетінің деканы, м.ғ.к. Г.Б. Күленова болды. Вебинарда 6 спикер сөз сөйледі. Алғашқы әскери дайындық кафедрасының меңгерушісі В.В.Сунцов «Movavideosuite әмбебап бағдарламасын пайдалана отырып жоғары сапалы бейнесабақ жасау», музыкалық білім кафедрасының оқытушысы, педагогика магистрі А.К. Кашей «Музыкалық-орындаушылық пәндерді ҚОТ қолдана отырып оқыту», Халық әртістері ағайынды Абдуллиндер атындағы Шығыс Қазақстан өнер училищесінің оқытушысы Н.В.Романова «Арнайы фортепианоны оқыту тәжірибесінен», Өскемендегі №1 балалар музыка мектебінің оқытушысы Л.Б. Фирсова «Вокал сыныбы бойынша қашықтан оқытуды ұйымдастыру», физика кафедрасының аға оқытушысы, кәсіптік оқыту магистрі М.М. Нұризинова «Тігін бұйымдарын бөлшек өңдеу технологиясы», дене шынықтыру және спорт теориясы мен әдістемесі кафедрасының аға оқытушылары Н.В.Шкуркин мен А.В.Кожуховский «Қашықтан оқыту жағдайындағы дене шынықтыру сабақтарының ерекшеліктері» баяндамаларын жасады. Семинарға қызығушылық спикерлерге ғана емес, сондай-ақ пікірлер мен хабарлар чатындағы сұрақтардың көптігінен байқалды. Психология, педагогика және мәдениет факультетінің деканаты View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image