24.04.2019
ШҚМУ-да студенттерге арналған «Қазақстанның электронды құқықтық базалары» семинары өтті
24 сәуірде С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың Азаматтық құқық және азаматтық іс жүргізу кафедрасында студенттерге арналған «Қазақстанның электронды құқықтық базалары» семинары өтті.
Оны Әділет министрлігі республикалық құқықтық ақпарат орталығының Шығыс Қазақстан филиалындағы мамандары жүргізді.
Филиал директорының орынбасары Асылбек Дүйсекенов, жетекші маман Дархан Еркенов орталық жобаларын таныстырды. Тыңдаушыларға қажет құжаттарды жедел табу жолдары, электронды базаларды оқу барысында және қызметте қолдану мүмкіндіктері көрсетілді.
Студенттер тақырыпқа қызығушылық танытты, семнар соңында мәліметтерді есте сақтау үшін кіші-гірім байқау өткізілді. Жеңімпаздар естелік сыйлықтарға ие болды.
Баспасөз қызметі