29.04.2020 ШҚМУ-да талапкерлер үшін онлайн-консультациялар өткізілуде С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-да мектеп түлектерімен қашықтан жұмыс істеудің жаңа формалары қолданылуда, соның ішінде онлайн-кеңестер де бар. Консультациялар шығармашылық білім беру бағдарламаларына түсу бойынша, таңдалған білім беру бағдарламасына сәйкес бейінді пәндер тізімі бойынша өткізіледі. Онлайн-кеңестер туралы ақпарат www.vkgu.kz сайтында, Инстаграмда бар: vkgu_vko, vk_vkgu, amanzholov_university. Университет сайтында талапкерлерді онлайн тіркеу де жүзеге асырылады. Сонымен қатар, университетке түсу сұрақтары туралы «Сұрақ-жауап» онлайн-консультацияларын электронды пошта, WhatsApp мессенджері және Facebook-тағы, Инстаграмдағы vkgu_vko, vk_vkgu, amanzholov_university ЖОО әлеуметтік желілері арқылы өткізу ретке қойылған. ШҚО ішкі саясатты басқармасы Жастар ресурстық орталығымен бірлесе отырып, ҰБТ-ға қатысу үшін құжаттарды тапсыру және Аманжолов атындағы ШҚМУ мен оның колледжіне түсу мәселелерін түсіндіру бойынша облыс мектептері мен колледждері түлектерімен онлайн таныстыру кездесулері өткізілді. Университетте, сонымен қатар, жеңімпаздарға университет гранттары бөлінетін онлайн-олимпиадалар, университеттің веб-сайты арқылы «Жас талап» ҰБТ-ға дайындық курстары, университеттің факультеттері мен бөлімдерінің түлектері мен ата-аналарының қатысуымен ZOOM бағдарламасы, университет мессенджерлері мен әлеуметтік желілері: Facebook-тағы, Инстаграмдағы vkgu_vko, vk_vkgu, amanzholov_university, ВКонтакте-дегі vkgu_imidzh парақшалары, YouTube арнасы арқылы оқыту бағыттарын түсіндіру бойынша онлайн-вебинарлар өткізіліп тұрады. Маркетинг, мансап және жұмыспен қамту орталығы View the full image View the full image View the full image