26.10.2019 ШҚМУ-да жазушы Жан Ақжановпен кездесу өтті С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың «Рухани жаңғыру» орталығында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ұйымдастыруымен коррупция тақырыбында қалам тербеп жүрген жазушы Жан Ақжановпен кездесу өтті. Кездесуге Экономика және құқық, Тарих, филология және халықаралық қатынастар факультеттерінің студенттері қатысты. Төрт тілде еркін сөйлейтін Ақжанов 27 елге саяхаттағаны туралы айтып, жастарды ел болашағына бей-жай қарамауға шақырды. Жастардың ұлтжанды болуы керектігін ескертті. Жемқорлықтың алдын алу мәселесі талқыланып, студенттер тарапынан ұсыныстар түсті. Аталмыш тақырыпты жазушы әдебиетте керемет суреттеген, оқырманға бұл еңбектері таныс. Осы ретте жазушы жас ұрпақты кітаппен дос болуға шақырды. Жан Ақжанов өз кітаптарын да көрсеті. «Сладкий дождь», «Солнце улыбнется тебе», «Сенің түнгі күнің», «Путь врача» кітаптары жастар тарапынын қызығушылыққа ие болды. Бір сағаттан астам уақытқа созылған кездесу жастар санасына серпіліс берді. Ұтымды ой-ұсыныстар ортаға салынған кездесу естелікке суретке түсумен аяқталды. Замира Сүлейменова, журналистика мамандығының 1 курс студенті View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image