15.11.2019 ШҚМУ-да жетісулық ақын-жазушылармен кездесу өтті №1 оқу ғимаратының 111 дәрісханасында облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасының ұйымдастыруымен жетісулық ақын, жазушы, журналистер Мәулен Өнербай, Қозыбай Құрман, Мұхтар Күмісбек, Азамат Нұрмұхан, Медет Жұмабаевтардың «Күн қызы» «Жұмыр жердегі жұмбақ бел», «Жүрек маусымдары», «Алфавиттегі алты әріп», «Алғыс» кітаптарының тұсаукесері өтті. «Алтын қалам», «Алтын тобылғы» әдеби сыйлықтарының иегері Есболат Айдабосын бастап келген қонақтарымен таныстырды. Кітаптар тұсауын ШҚМУ ректоры Мұхтар Төлеген мен ақын Қалқаман Сарин кесті. Дәстүрлі әнші Әліби Бекайдардың орындауындағы «Анамның жаққан ошағы», «Заман-ай» әндері мен ШҚМУ «Шабыт» студенттер театры жастарының өнері көрерменді тәнті етті. Кездесу барысында ақындар өлеңдерін оқып, студенттер сұрақтарына жауап берді. Университетіміздің қонағы болған «Шығыс Ақпарат» медиахолдингінің басшысы Нұрбек Бекен мен Қалқамин Сарин кітапханаға бас сұғып, студенттермен сұхбаттасты. Ғылыми кітапхана С. Аманжолов атындағы ШҚМУ студенттері жазушы, журналист Есболат Айдабосын бастаған бір топ жетісулық жас ақын-жазушылармен кездесті. Кездесуде ақын-жазушылар кітаптарының тұсауы кесілді. Жазушы, журналист, «Сүлікқара», «Қызыл сақа» кітаптарының авторы, «Алтын қалам», «Алтын тобылғы» әдеби сыйлықтарының иесі Есболат Айдабосын бастаған жетісулық ақын-жазушылар – Қозыбай Құрман, Мәулен Әнербай, Мұхтар Күмісбек, Медет Жұмабаев, Азамат Нұрмұхан, дәстүрлі әнші, республикалық байқаулардың жүлдегері, «Заман-ай» термесінің әнін жазған сазгер Әліби Бекайдар. Облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасы ұйымдастырған шарада қонақтар шығармашылықтарымен бөлісіп, жастар сұрақтарына жауап берді. Мәулен Анарбайдың «Күн қызы», Мұхтар Күмісбектің «Алфавиттегі алты әріп», Қозыбай Құрманның «Жүрек маусымдары», Азамат Нұрмұханның «Алғыс», Медет Жұмабайдың «Жұмыр жердегі жұмақ бел» кітаптарының тұсаукесері жасалды. «Шабыт» студенттер театрының жастары бұл кітаптардан үзінді оқып, «Жәдігер» домбыра үйірмесінің қатысушылары күмбірлете күй тартты. Кеш соңында Аманжолов университеті қонақтарға алғыс білдірді. Әділ Әуезханов, журналистика мамандығының 4 курс студенті Фото https://cloud.mail.ru/public/4Ngo/56mifBwWL View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image