С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-де Өскемен қаласының «Асыл Мирас» аутизм орталығының педагог-психологтары «Дефектология» мамандығы студенттеріне «Аутизм баршамызға бір әлем» тақырыбында дәріс өткізді.
Дәріс барысында елімізде күннен күнге белең алып келе жатқан «Аутизм» ауруының белгілері, аутизм себептері мен оған деген ортаның көзқарасы және ондай балалармен жүргізілетін технологиялар мен әдіс тәсілдер баяндалды. Сонымен қатар, «Асыл Мирас» аутизм орталығының аутизм белгілері бар балалармен жүргізіліп жатқан тәжірибелерімен бөлісті.
Дәріс соңында студенттер сұрақ қойып, өзара пікір алмасу өтті. Студенттер орталықтан келген психолог-педагогтарға өз алғыстарын білдірді.
Психология және түзету педагогикасы кафедрасы