С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-де 2019-2020 оқу жылының басталуына орай «Келешекке кемел - біліммен» атты мерекелік іс-шарасы өтті. Биылғы жылы университетке 2 мыңнан астам талапкер оқуға түсті.
С. Аманжолов атындағы ШҚМУ ректоры Мұхтар Әділбекұлы Төлеген студенттерді құттықтап, жаңа оқу жылында сәттілік тіледі.
-Жаңа оқу жылымен университетімізде жаңа тарих беті ашылады, жаңа табыстардың 67-ші парағы. Құрметті талапкерлер С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың студенттерісіздер. Біздің университетіміз тарихы мен дәстүрі мол, әлемдік және қазақстандық рейтингілерде алдыңғы қатарларда. Республикалық рейтингте 130 университеттің ішінде 6 орында, ал әлемдік дәрежеде А тобына жатады, яғни сапалы мамандарды даярлайды- деді құттықтау сөзінде ШҚМУ ректоры.
Мерекелік шара музыкалық номерлермен және университет әнұранымен жалғасып, би кешімен аяқталды.
Баспасөз қызметі
Фото https://cloud.mail.ru/public/8JXL/3u9WW3c8Q