20.11.2019 ШҚМУ-дың «Авангард» театр-студиясы «Облепиха» өңіраралық театралдық фестиваль-байқауына қатысты Барнаулдағы Алтай мемлекеттік университетінің базасында «Облепиха» IV өңіраралық театралдық фестиваль-байқауы өтті. Оған Ресейдің 6, Қазақстанның 2 қаласынан жастар жиналды. Іс-шараға Новосібір, Томск, Таулы Алтай, Новоалтайск, Бийск, Барнаул, Өскемен, Семей қалаларынан ұжымдар қатысты. – «Авангард» театрының құрамы «Облепиха» фестивалінен оралды. Біз өзге елден барған алғашқы ұжым болдық және осы жылдан бастап фестиваль халықаралық деңгейге көтерілді. Біз сахналаған «О чем молчит клен» атты мюзикл ерекше қызығушылық тудырды, зал көрерменге лық толды, – деп жазыпты жастар өздерінің ВКонтакте желісіндегі парақшаларында. Баспасөз қызметі View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image