Еліміздегі үздік көпбейінді жоғары оқу орындарының 2019 жылға арналған ұлттық рейтингісінде С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті 43 пайыз жинап, 6 орынды иеленді.
Жалпы бағалауда жоғары оқу орнының академиялық қызметі 34,73 пайызды, сарапшылардың репутациялық бағасы 4,11 пайызды, жұмыс берушілердің репутациялық бағасы 4,16 пайызды құрады.
1 орынды Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, 2 орынды Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, 3 орынды Е. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті, 4 орынды М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті, 5 орынды С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті, ал 6 орынды С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті иеленді.
Баспасөз қызметі