23.07.2019 ШҚМУ-ға «Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы аясында 30 жаңа оқулық кеп түсті ШҚМУ кітапханасы «Рухани жаңғыру» бағдарламасының маңызды бір жобасы – «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы бойынша шығарылған жаңа оқулықтар келгенін хабарлайды. Өткен жылы аударылған 18 кітапқа тағы 30-ы қосылды. Осы жолы АҚШ, Ресей, Ұлыбритания, Франция, Швейцария сынды озық елдердің оқулықтары аударылған. Олар – тарих, халықаралық қатынастар, педагогика, құқық, журналистика, әдебиеттану, экономика, кәсіпкерлік салаларын қамтитын, әлемнің жетекші университеттерінде ұдайы қолданылатын еңбектер. Мәселен, Филипп Котлердің «Маркетинг негіздері», «Стратегиялық менеджмент», «HR Management» кітаптары бар. Оқытушылар мен студенттерді бас ғимараттың 229 дәрісханасындағы көрмеге шақырамыз. Кітаптарды ғылыми кітапханадан алуға болады (30-шы Гвардиялық дивизия, 42, №3 Студенттер үйі). Ғылыми кітапхана View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image