Алтай мемлекеттік университетінде (Барнаул қ. Ресей) Орталық Азиядағы ынтымақтастықты дамыту тақырыбына арналған сессия өтті. Онда Ресей мен Азия ЖОО-ларының алтайтану бойынша өзара іс-әрекеттері тақыланды.
Сессияға Ресей, Қырғызстан, Тәжікстан, Қазақстаннан 18 университет қатысты.
С. Аманжолов атындағы ШҚМУ «Алтайтану» ғылыми-зерттеу орталығының директоры, тарихы, профессор Александр Николаевич Алексеенко сессияға қатысты.
Қатысушылар алтайтану саласына жастарды көбірек тартуды атап көрсетті.
Іс-шара аясында Алтай университетінде Абайдың 175 жылдығына арналған экспозиция ұйымдастырылды, сонымен қатар студенттер өздері тіккен моңғол ұлттық киімдерінің түржиынын көрсетті.
Іс-шара АлтМУ-дағы «Қазақстандық жол және Н. Назарбаев» құрмет кафедрасының 5 жылдығына арналған концертпен аяқталды.
Баспасөз қызметі
Суреттер