18.06.2019 ШҚМУ ғалымының Швециядағы конференцияда жасаған баяндамасы үздік ондыққа енді С. Аманжолов атындағы ШҚМУ Физика және технологиялар кафедрасының профессоры Людмила Квеглис Стокгольм (Швеция) қаласында өткен халықаралық конференцияға қатысты. Конференция композициялық материалдарға, графеналарға, 2D-материалдарға, биосенсорларға, биоэлектроникаға, жалпы химия, оптика және фотоника жетістіктеріне арналды. – Менің баяндамам Үлбі металлргиялық зауытында еңбек еткен оқу орнымыздың ғалымы Александр Павловтың зерттеу нәтижелері негізінде әзірленді. Теориялық есептеулер Томск университетінде және Красноярск физика институтында жасалды, – дейді Л. Квеглис. Ұсынылған баяндаманың тақырыбы – Берилий оксиді мен титан диоксидін модельдеу. – Баяндамам талқыланған соң маған сертификатпен қоса «Симпозиумдағы үздік 10 баяндама» дипломы табысталды, – дейді ғалым. Конференцияға 63 елдің өкілі қатысыпты, ТМД елдері ішінен Ресей, Беларусь және Қазақстан ғалымдары барған. Баспасөз қызметі View the full image