22-27 сәуір аралығында Ресейдің Мәскеу облысының Королев қаласында бүкілресейлік ғылыми-зерттеу жобаларының қоршаған ортаны қорғау проблемалары бойынша «Адам-Жер-Ғарыш» ХХ олимпиадасы өтті.
Олимпиадада Жамбыл атындағы облыстық мектеп-гимназия-интернатының 11 сынып оқушысы, оқу озаты, «Алтын белгі» үміткері Нариман Қайырбеков «Табиғи полимерлер негізінде өздігінен биологиялық ыдырайтын композициялық материал әзірлеу» ғылыми жобасын қорғап, ІІ орынға ие болды.
2018 жылдың қаңтарынан бастап Нариман ҰҚҰҒЗ-ның аға ғылыми қызметкері, докторант Ақатан Қыдырмолланың жетекшілігімен және оның ғылыми топ мүшелері Оспанова Жанерке және Имашева Айданамен бірге ғылыми жұмыспен айналысып келеді.
Зерттеу жұмыстары ШҚМУ №8 ғимаратындағы ҰҚҰҒЗ-ның физика-химиялық сынақ зертханасында жүргізілді.
Нариманға және оның ғылыми жетекшісіне шығармашылық табыс тілейміз!
Физика-химиялық зерттеудің сынақ зертханасы