05.10.2016 «ШҚМУ – ИННОВАЦИЯҒА ЖОЛ» атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция Бүгін Сәрсен Аманжолов атындағы ШҚМУ-да ЭКСПО-2017 «Болашақтың энергиясы» көрмесіне дайындық аясында «ШҚМУ – ИННОВАЦИЯҒА ЖОЛ» атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтуде. Конференция жұмысына Оңтүстік Корея, Венгрия, Израиль, Ресей және Қазақстанның аталмыш бағыт аясында жұмыс істейтін жетекші ғалымдары қатысуда. Сағат 10.00-ден 12.00-ге дейін №4 және №7 оқу ғимараттарында сәйкесінше «Қазіргі әлемдегі энергия үнемдейтін технологиялардың даму тенденциясы» және «Ғылыми және техникалық инновациялар мен «Жасыл экономика» атты тақырыптарда дөңгелек үстелдер өтуде. №1 оқу ғимаратында сағат 14.00-ден 16.00-ге дейін қорытынды отырыс есебінде онлайн режимдегі конференция өтеді және онда конференция жұмысын қорытындылайтын қарар қабылданбақ. View the full image